
30 желтоқсан күні Қарақия ауданында тарихи әрі денсаулыққа аса пайдалы Құрық минералды суы қайтадан пайдалануға беріліп, халық игілігіне ұсынылды. Ішкі туризм мен емдік-сауықтыру саласының дамуына серпін беретін бұл бастама – ел игілігі үшін маңызды қадам.
1961 жылы бұрғыланып табылған Құрықтың минералды суы құрамында сульфат-хлорлы-натрийлі элементтері бар. 1972 жылдан бастап осы су көзінің негізінде «Қарақия» емдеу-сауықтыру санаторийі жұмыс істеп, көптеген азаматтар осы шипалы судың пайдасын көрді. Су ішуге, ваннаға түсуге және түрлі емдік процедураларға қолданылады.
Көп жылдар бойы тоқтап тұрған су көзі енді қайта жандандырылып, аудан әкімдігінің қолдауымен және белсенді азаматтардың араласуымен іске қосылып отыр.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі