
Жаңа жыл - әрбір жанның жүрегіне үміт пен қуаныш ұялататын айтулы мереке. Осыған орай, Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев, Аудандық мәслихат төрағасы, Аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы, Аудан әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысы аудан бойынша барлық ауылдарды аралап, елге еңбегі сіңген азаматтарды арнайы құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Ауданның дамуына сүбелі үлес қосқан ардагерлер мен түрлі салада қажырлы еңбек етіп жүрген азаматтарға алғыс айтылып, құрмет көрсетілді. Қарапайым еңбек адамдарының табандылығы мен төзімі, туған өлкеге деген сүйіспеншілігі осындай мадаққа әбден лайық.
Құттықтау барысында аудан әкімі С.Төретаев:
«Сіздердің ел үшін атқарған еңбектеріңіз – кейінгі ұрпаққа үлгі. Ең бастысы – амандық, денсаулық пен жаңа жылда толағай табыс тілеймін!»– деп жүрекжарды тілегін жеткізді.
Сондай-ақ, әрбір азаматқа мерекелік сый-сияпаттар табысталып, ақжарма тілектер айтылды.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі