
2025 жылы өткен «Отбасы және қоғам: жаңа мүмкіндіктер кезеңі» атты аймақтық форумда Қарақия ауданының қоғам өміріне белсенді араласып жүрген бірқатар азаматтары лайықты марапаттарға ие болды.
Бұл форум – отбасы институтын нығайту, ұрпақ сабақтастығын дәріптеу және қоғамдағы белсенді тұлғалардың еңбегін тану мақсатында ұйымдастырылған маңызды қоғамдық іс-шара.
Марапат иегерлері:
Мәтиков Қошқарбай Сарыұлы – Қарақия ауданының «Құрметті азаматы», «Экология саласының үздігі», «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының лауреаты, «Жомарт жүрек» байқауының жеңімпазы. Қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілігі мен өнегелі отбасы құндылықтарын дәріптеудегі еңбегі үшін арнайы марапатталды.
Мұқанова Гүлшәт Сағынбайқызы – Қарақия аудандық мәслихат депутаты, №4 жалпы білім беретін мектептің директоры. Білім беру саласындағы ұзақ жылғы еңбегі, жас ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесі және қоғамдық белсенділігі үшін марапатталды.
Қарақия ауданы атынан қатысқан өкілдердің еңбегі облыс деңгейінде жоғары бағаланып, ауданның мәртебесін арттырды.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі