
Қарақия ауданында қысқы кезеңде аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау мақсатында арнайы жұмыстар қолға алынып, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жолдарға инертті материалдар төсеу шаралары жүргізілуде.
Аталған жұмыстарға ауыл әкімдіктері, «Тұрмыс-Сервис» мекемесі мен мердігер ұйымдардың арнайы техникалары да іске қосылды.
Атқарылып жатқан бұл жұмыстар – аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қыс мезгіліндегі қолайсыздықтардың алдын алуға бағытталған.
Қарақия ауданының әкімдігі тұрғындарды жолда сақтық шараларын қаперде ұстауға, жүргізушілерді көлік жылдамдығын азайтып, абай болуға шақырады.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі