
Бүгін Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындар көтерген бірқатар әлеуметтік және жеке мәселелерді талқылады.
Қабылдауға аудан орталығы мен шалғай елді мекендердің тұрғындары қатысып, түрлі бағыттағы өтініштерін жеткізді. Алыс ауылдардың тұрғындары аудан әкімдігімен онлайн байланыс арқылы сөйлесу мүмкіндігіне ие болды.
Көтерілген мәселелер қатарында тұрғын үй, жұмысқа орналасу, әлеуметтік көмек және жер мәселелері бар. Әрбір өтініш жеке қаралып, кейбір мәселелер сол сәтте жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырма ретінде жүктелді.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі