
Құрық ауылына қарасты Маңғыстау жері (Аппақ) елдімекенінде ауа райының күрт өзгеруіне байланысты электр энергиясынан уақытша ажырату жағдайлары орын алды.
Осыған байланысты, жауапты мекемелер шұғыл әрекет етіп, электр жүйелерін қалпына келтіру бағытында тиісті жұмыстар жүргізді. Нәтижесінде тұрғындарға электр энергиясы берілді.
Сонымен қатар, көк тайғақтың алдын алу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудан ішілік және ауыларалық автомобиль жолдарына инертті материалдар (тұз, құм қоспасы) себілді.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.