
9 желтоқсан күні Қарақия ауданы әкімдігінде аудан әкімі Сымбат Қуанышұлы Төретаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиналыс өтті.
Жиында аудан бюджетінің орындалысы мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы жұмыстардың жай-күйі қаралды. Аталған бағыттар бойынша тиісті бөлім басшылары баяндама жасап, ағымдағы көрсеткіштер мен жоспарланған жұмыстар жайлы мәлімет берді.
Аудан әкімі аппараттық жиын қорытындысында әр сала бойынша жұмыстарды жүйелі жүргізу, халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттыру, бюджетті тиімді игеру бағытында нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, өзекті мәселелер бойынша бірқатар сын-ескертпелер айтылып, жауапты тұлғаларға нақты мерзімдермен шаралар қабылдау жүктелді.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі