Айтылды-орындалды

Айтылды-орындалды

Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаевтың 6 желтоқсан күні өткен жүрмелі жиын барысында берген нақты тапсырмаларына сәйкес бірқатар жұмыстар атқарылды.

Атап айтқанда, «Қарақия станциясы» елді мекеніндегі көпқабатты тұрғын үйлер аумағында орналасқан заңсыз құрылыстардың орны толықтай тегістеліп, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар Құрық ауылының 1, 2-шағын аудандары мен «Ардагер», «Абай» көшелерінде санитариялық тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Қоқыс қалдықтары шығарылып, ауылдың көркін бұзатын орындар ретке келтірілді.

Аталған шаралар елді мекендердің көркеюіне, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және санитариялық ахуалды жақсартуға бағытталған. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты жалғасын табатын болады.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі