
Сенек ауылының орталық саябағын абаттандыру шаралары аясында «СӨТБ» ЖШС мекемесінің демеушілігімен көлемі 8 текше метр болатын екі резервтік су құдығы алынды.
Аталған су құдықтары алдағы уақытта тамшылатып суару жүйесіне қосылып, саябақ аумағындағы жасыл желекті суару үшін пайдаланылатын болады.
Бұл бастама ауылдың көгалдандыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуге мүмкіндік береді.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі