
Қарақия ауданы әкімінің орынбасары С.Төкенов, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы С.Шапағат, сондай-ақ мердігер мекеме өкілдерінің қатысуымен Бостан ауылында инженерлік инфрақұрылымды дамыту бағытында жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстарымен танысу және жұмыс барысын талқылау мақсатында жүремелі жиын өткізілді.
Жиын барысында нысандардағы құрылыс жұмыстарының сапасы, орындау мерзімдері және өндірістік тәртіптің сақталуы назарға алынды. Сонымен қатар алдағы кезеңде атқарылатын жұмыстардың жоспары қаралып, инфрақұрылымды уақтылы әрі сапалы аяқтау бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі