
Бостан ауылының әкімі Шаттық Асанов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері департаментінің грамотасымен марапатталды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Шаттық Асанов өзіне жүктелген міндеттерді жоғары жауапкершілікпен атқарып, ұйымдастырушылық қабілетімен, кәсіби біліктілігімен ерекшеленеді. Әкім ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, инфрақұрылымды дамытуға, ауыл шаруашылығын ілгерілетуге, сондай-ақ жастар мен зейнеткерлерге қолдау көрсетуге белсенді еңбек сіңіріп келеді.
Шаттық Асанов ашықтық пен әділеттілік қағидаларын ұстанып, халықпен тығыз байланыста жұмыс істеу арқылы ауыл тұрғындарының сеніміне ие болды. Оның бастамалары мен жанашырлығының арқасында Бостан ауылы соңғы жылдары жаңа белестерге көтерілді.
Әкім қызметіне тағайындалғаннан кейін Бостан ауылында инфрақұрылымды жаңғырту, жолдарды жөндеу, ауыз су жүйесін қалпына келтіру, ауыл ішін жарықтандыру және абаттандыру сияқты маңызды мәселелер кезең-кезеңімен шешіліп, нақты нәтижелерге қол жеткізді.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі