
Құрық ауылында, Маңғыстау облысы бойынша «Amanat» партиясының 2025-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасына және ауылдың санитарлық тазалық жұмыстарын жандандыру мақсатында 200 дана қоқыс жәшігі сатып алынды.
Қоқыс жәшіктері ауыл ішілік көшелер мен көпқабатты тұрғын үйлерге арналған, алынбалы қақпақты, көлемі 750 литр, қатты металдан жасалған.
Аталған бастама тұрмыстық қалдықтарды дұрыс жинау мен шығару жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ ауылдың экологиялық ахуалын жақсартуға оң ықпал етеді.
Сонымен қатар, жаңа жәшіктердің орнатылуы ауыл тазалығын сақтап, тұрмыс мәдениетін арттыруға, жалпы санитарлық талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.