
Қарақия ауданы, Құрық ауылында Төтенше жағдайлар бөлімінің жаңа әкімшілік ғимаратының салтанатты ашылуы өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, қонақтар мен сала мамандары қатысты.
Ғимараттың құрылысы 2025 жылдың наурыз айында басталып, қараша айында толыққанды аяқталды. Жалпы аумағы 288 шаршы метрді қамтитын нысан қазіргі құрылыс стандарттарына толық сәйкес келеді. Ішкі жоспары тиімді ұйымдастырылып, қызметтік жұмыстарды жүргізуге арналған 9 бөлме жасақталған. Сонымен қатар, ғимараттың сыртқы аумағы да абаттандырылып, жаяу жүргіншілерге арналған аймақ, кіреберіс және көлік қатынасына арналған бөліктер сапалы асфальтпен жабдықталды.
Жаңа ғимарат төтенше жағдайлар қызметкерлерінің сенімді әрі жайлы жағдайда жұмыс істеуіне арналған маңызды нысан.
Бұл орталық аудан тұрғындарына көрсетілетін қызмет сапасын арттырып, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бағытындағы жұмыстарды тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Айтп кетейік, осы ғимараттың тұрғызылуына өз үлестерін қосқаны үшін бірқатар азаматтар Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдық медальімен марпатталды.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.