Қарақия ауданы әкімі көпқабатты үйлердің жағдайын аралап, тұрғындар көтерген мәселелерді талқылады

Қарақия ауданы әкімі көпқабатты үйлердің жағдайын аралап, тұрғындар көтерген мәселелерді талқылады

Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев ауыл ішіндегі көпқабатты тұрғын үйлерді аралап, олардың қазіргі жағдайымен танысты. Аралау барысында әкім тұрғындармен де кездесіп, олардың талап-тілектерін, күнделікті тұрмысқа қатысты мәселелерін тыңдады.

Кездесу кезінде тұрғындар бірқатар маңызды мәселелерді көтерді. Атап айтқанда:

  • жылу жүйесінің жағдайы, оның маусымдық уақытта толық әрі тұрақты жұмыс істеуі;
  • аула аумақтарындағы тазалық пен санитариялық талаптардың сақталуы;
  • балалар ойын алаңдарының жеткіліксіздігі мен тозуы;
  • көпқабатты үйлерді күтіп-ұстауға және абаттандыруға қатысты өзге де ұсыныстар.

Әкім көтерілген мәселелерді егжей-тегжейлі тыңдап, әр бағыт бойынша жауапты бөлімдер мен мекемелердің басшыларына тиісті тапсырмалар берді. Тұрғындардың сұрақтары бақылауға алынатыны және орындалу барысы тұрақты қадағаланатыны атап өтілді.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызмет