Қарақия ауданында мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасы талқыланды

Қарақия ауданында мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасы талқыланды

“Аманат” партиясы Қарақия аудандық филиалында аудан әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі және цифрландыруды дамыту бөлімшесінің ұйымдастыруымен жұмыс кеңесі өтті. Іс-шараның мақсаты – аудан бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, туындайтын мәселелерді анықтау және оларды шешу жолдарын қарастыру.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметтерді алу кезінде тұрғындар тарапынан жиі көтерілетін проблемалық мәселелер талқыланды. Сонымен қатар қызмет көрсетудің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар ортаға салынды. Қатысушылар цифрландыру үдерістерін жетілдіру, қызмет көрсету мерзімдерін қысқарту және қолжетімділікті арттыру бағытында бірқатар бастамаларды көтерді.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі