19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларының бағаларына тексеру жұмыстары жүргізілді

19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларының бағаларына тексеру жұмыстары жүргізілді

Облыстық мониторингтік топ мүшелері Қарақия ауданына келіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына тексеру жұмыстарын жүргізді.

Мониторинг барысында топ мүшелері аудан орталығындағы және ауылдық елді мекендердегі ірі және шағын сауда нысандарын аралап, 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (нан, ұн, қант, күріш, қарақұмық, сары май, күнбағыс майы, сиыр еті, тауық еті, сүт, жұмыртқа және басқа да негізгі тағам түрлері) бағасын салыстырмалы түрде зерттеді.

Тексеру барысында бағаның негізсіз өсу фактілері мен сауда үстемесінің шекті мөлшерден асып кету жағдайлары анықталған жоқ. Дүкен иелеріне бағаның тұрақтылығын сақтау, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаны қатаң ұстану қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының өкілдері атап өткендей, мұндай мониторингтік жұмыстар өңір бойынша тұрақты түрде ұйымдастырылып отырады. Негізгі мақсат-бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу және тұрғындардың әлеуметтік жағдайына оң әсер ету.

Айта кету керек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына тұрақты бақылау-өңірдегі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытындағы маңызды шаралардың бірі болып табылады.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі