Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1562 қаулысымен бекітілген Өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көрсетілген кәсіптер бойынша жұмыс істейтін азаматтардың құқығы бар.
Мамандықтар тізімін http://adilet.zan.kz/rus/docs/P1300001562 сілтемесі бойынша көруге болады.
Осы тізімге сәйкес Сіз жұмыс уақытыңыздың кемінде 80% аталған өндірістердің:
- барлық атаулардағы аппаратшы;
- біліктеуші;
- шпредингші
сияқты технологиялық үрдісінде жұмыс істеген жағдайда, Сіздің жұмыс берушіңіз міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуға міндетті.
Жұмыс беруші МКЗЖ салымшысы болып табылады. Ол өз қаражаты есебінен қызметкердің пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асырады.
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын қызметкердің ай сайынғы табысының 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының (Заң) 24-бабына сәйкес БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) зейнетақы төлеу жөніндегі агенттер болып табылатын жұмыс берушілер Заңда белгіленген мөлшерлемелер бойынша төлеуге тиіс. Тиісінше, жеке тұлғамен еңбек шартын жасасқан екі ұйым да БЖЗҚ-ға жұмыскердің пайдасына МЗЖ аударуға міндетті.
3. Салымшы қайтыс болған жағдайда зейнетақы жинақтары мұраға қалдырыла ма?
Жеке зейнетақы шоттарында жинақталған ақша салымшының (алушының) меншігі болып табылады және ол қайтыс болған жағдайда да Қорда мерзімсіз уақыт бойына сақталады.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 32, 33-баптарына сәйкес міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, оның зейнетақы жинағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.
Зейнетақы жинақтарын мұраға қалдыру өсиет немесе заң бойынша жүзеге асырылады. Өсиет болмаған немесе бүкіл мұраның тағдырын айқындай алмаған, сондай-ақ, азаматтық заңнамада белгіленген өзге де жағдайларда да зейнетақы жинағы заң бойынша мұрагерлікке берілуі тиіс.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес мұраны алу үшін мұрагер мұраны ашу орны бойынша нотариусқа немесе заңға сәйкес мұраға құқық туралы куәлік беруге уәкілетті адамға, мұраны қабылдау туралы не мұраға құқық туралы куәлік беру туралы өтініш беру арқылы қабылдауы тиіс. Мұра ашылған күннен бастап алты ай ішінде, яғни мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап алты ай ішінде қабылдануы мүмкін.
Осы мәселелер бойынша БЖЗҚ мен нотариустар арасындағы өзара іс-қимылды оңтайландыру үшін ҚР Әділет министрлігі, Республикалық нотариаттық палата, «ҰАТ» АҚ мен БЖЗҚ арасында "Е-нотариат" бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі мен БЖЗҚ ақпараттық жүйесінің өзара іс-қимылы туралы шарт жасалды.
Аталмыш Шарт аясында нотариустар БЖЗҚ-ға «Е-нотариат» бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесінің көмегімен онлайн тәртібінде, яғни БЖЗҚ-ға хат жүзінде сауалдар жолдамастан, өздерінің өндірісіндегі мұрагерлік істер бойынша қайтыс болған салымшылардың (алушылардың) Қорда жеке зейнетақы шотының және онда ақшаның болуы туралы сауалдар жолдай алады.
БЖЗҚ өз кезегінде салымшылар мен алушылар нотариалды куәландырылған немесе расталған құжаттарды ұсынған жағдайда «Е-нотариат» бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесіне сауал жолдап, салымшылар мен алушылардың қорға ұсынған құжаттарына қатысты жасалған нотариалдық әрекеттер бойынша ресми растау құжатын ала алады.
Бұл қызмет сіздің уақытыңызды айтарлықтай үнемдейді және артық қағаз құжат айналымын жояды.
Сіз МЗЖ салымшысы ретінде ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасауға құқығыңыз бар.
Сондай-ақ, Қор салымшыларының белгіленген кесте бойынша, 1 және 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз болып белгіленуіне, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуіне, алушының қайтыс болуына (жерлеуге, мұрагерлікке) байланысты ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін ресімдеуге құқығы бар.
Сонымен қатар, Сіз өз зейнетақы жинақтарыңызды БЖЗҚ-дан зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымына аударуға, сондай-ақ, өзіңіздің зейнетақы жинақтарыңыздың жай-күйі туралы ақпаратты сізге ыңғайлы кез келген күні алуға құқылысыз.
Деректемелеріңізді (жеке және байланыс ақпаратыңызды) өзгерту, сондай-ақ, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметке қатысты барлық мәселелер бойынша кеңес алу да Сіздің құқығыңыз болып табылады.