Құрық ауылындағы көппәтерлі үйлердің жөндеу жұмыстары тексерілді

Құрық ауылындағы көппәтерлі үйлердің жөндеу жұмыстары тексерілді

Құрық ауылына қарасты «Ералы» бекеті елді мекеніндегі көппәтерлі тұрғын үйлерде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысы аудан әкімінің орынбасары С.Төкеновтің, Құрық ауылының әкімі С.Есенкелдіұлының, аудан құрылыс бөлімі басшысы мен тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшыларының қатысуымен тексерілді.

Жөндеу жұмыстарының сапасы мен мерзімге сәйкестігі, тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігі басты назарға алынды.

Аудан әкімінің орынбасары С.Төкенов тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасауға ерекше мән беріп, құрылысшыларға жұмыстарды уақытылы әрі сапалы аяқтау бойынша нақты тапсырмалар берді.

Жөндеу жұмыстарының нәтижесінде «Ералы» бекетінде орналасқан көппәтерлі үйлердің тұрғындары үшін жайлы және қауіпсіз тұрмыс жағдайлары қамтамасыз етілетіні күтілуде.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі