
Қарақия ауданы әкімінің орынбасары Азирханов Шапағат, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сыйлыбай Жарқынбайұлы, кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Нағима Қабилуллақызы іссапармен Шымкент қаласына барып, "Таза өнім" ш/қ-ның жылыжай кешенінің жұмысымен танысты.
Сапардың негізгі мақсаты — агроөнеркәсіп саласында тәжірибе алмасу, жаңа технологиялармен жабдықталған жылыжайлардың жұмыс жүйесін зерттеу және Қарақия ауданы аумағында осы бағыттағы жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін қарастыру болды. Делегация мүшелері жылыжай кешендерінің жылыту, суару, желдету және өнім айналымын басқару жүйелерімен танысып, өнімділікті арттыруға және шығынды азайтуға бағытталған инновациялық тәсілдерді талқылады.
Аудан әкімінің орынбасары Азирханов Шапағат атап өткендей, мұндай тәжірибе алмасу Қарақия ауданында ауыл шаруашылығын әртараптандыруға, соның ішінде жылыжай шаруашылығын дамытуға жаңа серпін береді. Бұл бағыттағы жобалар жергілікті кәсіпкерлер үшін де тиімді мүмкіндік болмақ.
Шымкент қаласында алынған тәжірибе Қарақия ауданында ауыл шаруашылығы саласын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Мұндай бастамалар аудан экономикасын әртараптандыруға, жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға және отандық өнім өндіру көлемін арттыруға оң әсерін тигізері сөзсіз.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі