Қарақия ауданында жаңа тұрғын үйлердің кілтін табыстау рәсімі өтті

Қарақия ауданында жаңа тұрғын үйлердің кілтін табыстау рәсімі өтті

Қарақия ауданына қарасты Құрық, Мұнайшы және Жетібай ауылдарында әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға арналған жаңа тұрғын үйлердің кілтін табыстау салтанатты рәсімі өтті.

Бұл шара – ел игілігі жолындағы мемлекеттік саясаттың, сондай-ақ ауданның әлеуметтік дамуға бағытталған жүйелі еңбегінің айқын көрінісі.

Жаңа тұрғын үйлер заман талабына сай салынған, инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген және отбасылардың жайлы өмір сүруіне барлық жағдай жасалған. Жаңа баспананың кілтін алған тұрғындар атқарылған игі іске ризашылықтарын білдіріп, ел мен жердің дамуы жолында еңбек етіп жүрген азаматтарға алғыстарын айтты. Бұл игі бастама аудан көлемінде әлеуметтік қолдау шараларының жалғасы болып табылады. Алдағы уақытта да тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту жұмыстары жоспарлы түрде жалғасын таба бермек.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі