
2025 жылғы 2 қарашада өткен сайлаудың қорытындысы және Қарақия ауданы аумақтық сайлау комиссиясының қаулысы негізінде Сенек ауылының әкімі болып Әбжет Қуантқанұлы Нұрмағанбетов сайланды.
Қарақия ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ахмет Қалжанұлы Мееров жаңадан сайланған әкімге қызметтік куәлікті ресми түрде табыстады.
Шара барысында Қарақия ауданының әкімі Сымбат Қуанышұлы Төретаев сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарының сенімін иеленіп, көпшілік дауыспен жеңіске жеткен жаңа әкімді құттықтады.
Әбжет Қуантқанұлы - 1984 жылы, Қарақия ауданы, Құланды ауылында дүниеге келген.
2001 жылы - «Мейірбике» медициналық колледжін фельдшер мамандығы бойынша, 2013 жылы - «Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиринг университетін» құрылыс мамандығы бойынша, 2016 жылы - «Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиринг университетін» көлік, көлік техникасы және технологиялары мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2005 жылдан 2022 жылға дейін әр түрлі мекелермен жеке секторда көлік қызметтері бойынша қызмет атқарған. 2022-2023 жылдары Түпқараған ауданы әкімдігінің «Коммуналдық қызмет» ШЖҚ-ның механигі, директор орынбасары қызметін атқарды.
2023 жылдың қыркүйек айынан бастап осы уақытқа дейін «Тұрмыс-Сервис» МКК-ның бас инженері, директор орынбасары қызметін атқарып келді.