
Бүгін, 24 қазан аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі Сымбат Төретаевтың, аудан активінің, құрметті қонақтардың және ауыл тұрғындарының қатысуымен салтанатты жиын өтті.
- Құрметті қарақиялықтар! Бүгін – егемендікке бастар алғашқы қадам жасалған тарихи күн! 1990 жылы дәл осы күні Қазақстан өзінің мемлекеттік егемендігін ресми түрде жариялады. Бұл – Тәуелсіздікке апарар сара жолдың алғашқы бастамасы еді. Араға көп жыл салып, 2022 жылдан бастап 25 қазан қайтадан ұлттық мереке мәртебесіне ие болды. Бұл – тарихқа тағзым, болашаққа бағдар! Сіздерді осынау айтулы мерекелеріңізбен шын ж үректен құттықтаймын!,- деді аудан басшысы Сымбат Қуанышұлы.
Жиын барысында Маңғыстау облысы әкімінің алғыс хаты, Қарақия ауданының «Құрмет грамотасы» және аудан басшысының алғыс хаттары табысталды.
Салтанатты шара аудан өнерпаздарының мерекелік концертімен жалғасты.
Ұлттық мереке құтты болсын!
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі