Хабарландыру!

Хабарландыру!

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) келесіні хабарлайды.

2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 «Бақылау-кассалық машиналарды қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің бұйрығына 2025 жылғы 14 наурызда енгізілген өзгерістерге сәйкес, Комитет деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналардан (бұдан әрі – БКМ) фискалдық деректер операторларының (бұдан әрі – ФДО) серверіне деректерді беру жөніндегі 2.0.3 нұсқасындағы (бұдан әрі – 2.0.3 нұсқасы Протоколы) Протоколды әзірледі.

2025 жылғы 20 маусымда 2.0.3 нұсқасы Протоколы Комитеттің ресми интернет-ресурсында жарияланды: https://kgd.gov.kz/sites/default/files /KGD/UGU/protokolperedachidannyh_2_0_3_operator.docx.

2.0.3 нұсқасы Протоколында БКМ-ді ұлттық тауарлар каталогына автоматты түрде қосу және БКМ-нің нақты орналасқан жерін анықтайтын ФДО тарапынан геолокацияны айқындау сервисі көзделген.

Осыған байланысты, Комитет 2.0.3 нұсқасы Протоколына көшу мерзімін белгілейді:

– аппараттық-бағдарламалық кешен болып табылатын БКМ қолданатын салық төлеушілер БКМ функцияларын 2025 жылғы 15 қазанға дейін 2.0.3 нұсқасы Протоколына сәйкес қайта бағдарламалауы қажет;

– деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар электрондық құрылғы (темір касса) түріндегі БКМ қолданатын салық төлеушілерге 2025 жылғы 15 қарашаға дейін қайта бағдарламалау қажет.

2025 жылғы 17 қарашадан бастап ФДО-ның 2.0.2 нұсқасы Протоколын ажырату жоспарлануда екенін қосымша хабарлаймыз.

Бүгінгі күні ФДО тізімінде 10 заңды тұлға бар: «Қазақтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «Кар-Тел» ЖШС, «Kaspi Bank» АҚ, «IT ANALYTICS» ЖШС, «Бухта.кз» ЖШС, «Smartcontract» ЖШС, «Jusan Mobile» АҚ, «Comrun» ЖШС, «Вайпоинг» ЖШС.

Қарақия ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы