Жетібай ауылының әкімі тұрғындар алдында есеп берді

Жетібай ауылының әкімі тұрғындар алдында есеп берді

Бүгін Жетібай ауылында ауыл әкімі Талғат Көшкіновтың халық алдындағы есептік кездесуі өтті. Кездесуге Қарақия ауданы әкімі, әкім орынбасарлары, аудандық бөлім басшылары, Мәслихат депуттары, Құқық қорғау органдарының басшылары, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты.

Есепті шарада Талғат Көшкінов 2025 жылы атқарылған жұмыстар мен қол жеткізілген нәтижелер туралы баяндады. Сонымен қатар, ауылдағы тұрғын үй мәселесі, санитарлық тазалық, жұмыспен қамту, жастардың жетістіктері бағытындағы жұмыстарға да тоқталды.

Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлерін білдіріп, сұрақтарын жолдады. Тұрғындар ауыз су сапасы, көшелердің жарықтандырылуы, балалар ойын алаңдарының жай-күйі және қоғамдық көлік қатынасы бойынша сауалдар көтерді.

Барлық сұрақтар бойынша тиісті жауаптар беріліп, кейбір мәселелер бақылауға алынатыны жеткізілді.

Шара соңында Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев жеке қабылдау өткізіп, әрбір азаматтың өтініш-тілегін тыңдады. Әлеуметтік мәселелерден бастап, тұрғын үй, жұмысқа орналасу және инфрақұрылымға қатысты бірқатар жеке сұрақтар көтерілді. Әрбір сұрақ бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп,бірқатар мәселелер бақылауға алынды.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі