Мұнайшы ауылының әкімі Әділбаев Ермұрат Ержігітұлы халыққа есеп берді.

Мұнайшы ауылының әкімі Әділбаев Ермұрат Ержігітұлы халыққа есеп берді.

Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев жұмыс сапары аясында Мұнайшы ауылына барып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысты. Сапар барысында аудан басшысы ауыл әкімдігі, мекемелер мен әлеуметтік нысандардың жұмыс барысын көріп, бірқатар көшелерді аралады.

Ауыл ішіндегі тазалық, жолдардың жағдайы, су, жарық, жылу сынды маңызды мәселелер талқыланды. Тұрғындар көтерген сұрақтардың қатарында ауыз су сапасы, көшелердің жарықтандырылуы, балалар көлігі мен инфрақұрылымды жаңарту қажеттігі болды.

Мұнайшы ауылының әкімі атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, алдағы жоспарлармен бөлісті. Аудан әкімі тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, барлық мәселе кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.

Қорытындылай келе, ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыру – басты басымдықтардың бірі. Сондықтан Мұнайшы ауылындағы көтерілген мәселелер әкімдік бақылауында болады.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі