
Құрық ауылында азаматтарды бірыңғай қабылдау күні ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – тұрғындардың көкейінде жүрген әлеуметтік, құқықтық және жеке сипаттағы мәселелерін жедел шешу, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру.
Қабылдауға аудандық деңгейдегі барлық тиісті мемлекеттік мекемелердің өкілдері мен сала жетекшілері қатысып, әрбір тұрғынның өтінішін жеке қарады. Көтерілген мәселелердің қатарында тұрғын үй, жер телімдерін рәсімдеу, жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек, инфрақұрылым, медициналық қызмет және басқа да күнделікті өмірге қатысты сұрақтар болды.
Тұрғындардың өтініштері бойынша нақты жауаптар беріліп, кейбір мәселелер бойынша тиісті құрылымдарға тапсырмалар жүктелді. Қабылдауға келген азаматтар осындай ашық әрі қолжетімді кездесулердің маңыздылығын атап өтіп, алғыстарын білдірді.
Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні тұрғындар мен билік арасындағы ашық диалогты нығайтуға бағытталған тиімді алаңға айналып отыр. Бұл форматтағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі