11 қазан күні “Таза Қазақстан” Республикалық экологиялық акциясы аясында Қарақия ауданында сенбілік ұйымдастырылды.
Аудан орталығындағы “М.Жолболдин” атындағы саябақ аумағында 100 дана тал көшеті отырғызылды. Атап айтқанда, 50 дана қара ағаш, 25 дана қайың және 25 дана айланд ағашы егілді. Бұл игі шара – Қарақия ауданындағы көгалдандыру мен экологияны жақсарту бағытында қолға алынған маңызды бастамалардың бірі.
Сенбілікке аудан әкімдігіне қарасты бөлімдер мен мекемелерден 100-ге жуық қызметкер жұмылдырылды. Қатысушылар бірлесе еңбек етіп, табиғатты қорғауға, көркейтуге өз үлестерін қосты.
Аталған шара — экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және жасыл аймақты кеңейтуге бағытталған тұрақты жұмыстардың бір бөлігі.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
#тазақазақстан #устойчивоеразвитие #чистаястрана #экология #tazachallenge #tazakazakhstan