Бүгін Қарақия ауданына қарасты Мұнайшы және Жетібай ауылдарындағы көпбалалы аналарға ерекше құрмет көрсетіліп, Мемлекет басшысының жарлығы негізінде "Алтын алқа" және “Күміс алқа" мемлекеттік наградалары табысталды.
Салтанатты шара барысында аудан әкімі аналарды шын жүректен құттықтап, олардың ел болашағы үшін атқарып отырған еңбектеріне алғыс білдірді.
Бұл марапат – тек ананың емес, тұтас отбасының, елдің абыройы.
Мейірімі мен төзімі, еңбегі мен даналығы арқылы қоғамға үлгі болған аналарымызға мың алғыс!
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі