Қарақия ауданының қос бірдей ауылы үлгілі ауыл атанды

Қарақия ауданының қос бірдей ауылы үлгілі ауыл атанды

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған «Үлгілі ауыл» байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

Конкурс ауылдық елді мекендердің тазалығы мен абаттандырылуы, инфрақұрылымдық жағдайы, тұрғындардың белсенділігі, мәдениет, спорт және білім салаларындағы жетістіктері бойынша бағаланды. Жарысқа 5 ауданнан 39 ауыл қатысып, ақтық кезеңде 10 ауыл бақ сынады.

Ауылдар арасындағы бәсекенің қорытындысы бойынша 3 мыңнан астам халқы бар ауылдар арасынан Қарақия ауданының Құрық ауылы ІІІ орынды (5 млн теңге) иеленді. Ал 3 мыңнан аз тұрғыны бар ауылдар арасында Қарақия ауданының Құланды ауылы ІІ орынды (6 млн теңге) қанжығалады.

Жеңімпаз атанған ауылдарға берілген қаржы сол ауылды абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына және инфрақұрылымын жақсартуға жұмсалады.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.