«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Тұрмыс - Сервис» МКК теңгеріміндегі Мұнайшы және станция Жетібай елді мекеніндегі су айдау-жинау бекеттерінде тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Қоршауларын сырлау, әктеу, ауласын қоқыстан тазарту, жабайы өскен шөптерді жұлу жұмысы жүргізілді.
Жүргізілген қызу тазалық жұмыстарына кәсіпорын басшылары қызметкерлерімен қатысып, бір кісідей атсалысты.
—Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Осы орайда өз кәсіпорнымызды бір жаңалап жатырмыз, - дейді сенбілікке қатысушы.
Айта кетейік, аудан бойынша тазалық жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.