
Қарақия ауданында Конституция күні 30 тамызда – Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай "Ата заң – елдің асыл тірегі"атты салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара барысында аудан әкімі Сымбат Төретаев тұрғындарды естелік мерекемен құттықтады. -Сіздерді Қазақстан Республикасының ең құрметті мерекесі-Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қазақстан Республикасының Конституциясы-біздің ата-бабаларымыз құрған және нығайтқан мемлекеттілігіміздің негізі. Ата Заң-ел тарихындағы "Жеті Жарғы", "Есім ханның ескі жолы", "Қасым ханның қасқа жолы"сияқты ұлы заңдардың жалғасы. Сондықтан бұл мерекенің маңызы зор және терең тарихы бар, - деді аудан басшысы Сымбат Төретаев. Сонымен қатар, ел игілігі үшін аянбай еңбек еткен бірқатар қызметкерлер Маңғыстау облысы әкімінің алғыс хаттарымен, Қарақия ауданының Құрмет грамотасымен және аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Салтанатты жиын аудан әртістерінің мерекелік концертімен жалғасты. Концерт көрермендерге жақсы көңіл-күй сыйлап, ел рухын көтерді.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.