Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев, Құрық ауылында орналасқан ескі көппәтерлі тұрғын үйлерге жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысын арнайы барып тексерген болатын. Жұмыс сапары барысында бірқатар сын - ескертпе айтты.
Бүгінгі күні айтылған сын - ескертпелерді жою бағытында тиісті жұмыстарды жүргізді. Атап айтқанда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатқан аумаққа арнайы қауіпсіздік белгілері қойылды, аталған аумақта тазалық жұмыстары ұйымдастырылуда, ескі шатырлары алынып, бүгінгі күні төбесі ашық тұрған тұрғын үйлерге тиісті шаралар қабылданды. Сондай-ақ, өрт қауіпсіздігі мақсатында арнайы қорғаныш сіңдіру (пропитка) жұмыстары жүзеге асады.
Аталған жөндеу жұмыстары аясында шатыр, есік-терезелерді ауыстыру, сыртқы қасбетті жөндеу және ішкі кіреберісті қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіледі.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.