Қарақияда аудандық аппараттық жиын өтті

Қарақияда аудандық аппараттық жиын өтті

7 тамыз аудан әкімі Сымбат Төретаевтың төрағалығымен аудандық аппараттық жиын өтіп, жиынның күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.

  1. Қарақия ауданы білім бөлімінің жалпы білім беретін мектеп гимназиясының оқушыларын мектептерге орналыстыру туралы;
  2. Қарақия ауданы аумағындағы жол, құрылыс және коммуналдық салада атқарылып жатқан жұмыстар туралы;

Күн тәртібіндегі бірқатар маңызды мәселелер  қаралды. Алдымен аудан әкімінің орынбасары Манар Төлегенов, Қарақия ауданы білім бөлімінің жалпы білім беретін мектеп гимназиясының оқушыларын мектептерге орналыстыру туралы есебі тыңдалып, алдағы кезеңде атқарылуы тиіс жұмыстар талқыланды. Оқушылар тасымалы, ыстық тамақпен қамтылуы, қауіпсіздік шаралары бойынша мәселелер қаралды.

Сондай-ақ, күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Санат Төкенов баяндама жасады. Ол аудан аумағындағы жол, құрылыс және коммуналдық салада атқарылып жатқан бір қатар жұмыстарға тоқталды.

Жиын барысында аудан әкімі әртүрлі сала бойынша бірқатар нақты мәселелерге тоқталып, ауыл әкімдері мен бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Атап айтқанда, тұрғындардың сұранысы негізінде іске асырылып жатқан және өзгеде жоспарланған жұмыстардың сапалы әрі мерзімінде орындалуын қамтамасыз ету, бөлінген қаржыны игеру, берілген тапсырмаларды уақытылы, сапалы орындауды тапсырды.

Бүгінгі аппараттық жиналысқа аудандық мәслихат төрағасы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудандық «Аманат» партиясының төрағасы, аудандық полиция бөлімінің бастығы, ауданаралық басқарма басшылары, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, барлық мекеме, бөлім басшылары және ауыл әкімдері және білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі