«Таза Қазақстан» акциясы аясында жергілікті атқарушы органдардың бастамасымен аудан әкімі Сымбат Төретаев, аудан әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысы, мемлекеттік қызметкерлер және тазалыққа жанашыр жастар сенбілік жұмыстарын кешенді түрде жүргізді.
Ауданымыздың тазалық мәселесін басты орынға қойған олар «Ескі наубайханадан» «Құрық Жағажайға» дейінгі аралықты қоқыстан тазартты. Тазалық жұмыстарының мақсаты қоршаған ортаны таза ұстау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту сондай-ақ, құрылған қоғамдық игілікке ұқыптылықпен қарау қағидаттарын қалыптастыру.
Арнайы техникалар қарастырып, қоқыстарды арнайы орындарға жеткізді.
Сенбілік жұмыстары нәтижесінде 25 куб қоқыс пен тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылды.
#ТазаҚазақстан #Сенбілік
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі