
Бүгінгі таңдағы сыбайлас жемқорлық көріністері арам шөп сияқты: кез-келген жерден тамыр жайып, қаулап өсіп, айналаға тез тарайды. Қоғамның дамуына кері әсерін тигізіп отырған бұл қауіпті әлеуметтік құбылыс бейресми түрде “ғасыр дерті” деп аталуда.
Бұл – әркім өз құлқынының қамын ойласа, тұтас қоғам құрдымға кетеді, деген сөз. Ендеше, қауіпті “дерттен” қоғамды тазартудың қандай жолдары бар?
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы бұл құбылысқа келесідей анықтама береді:
«Сыбайлас жемқорлық - бұл мемлекеттік функцияларды орындайтын адамдардың, сондай-ақ, оларға теңестірілген адамдардың өзінің лауазымдық өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы немесе заңды тұлғаларды өз пайдалары үшін сатып алуы. Мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдермен біте қайнасуы; мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы»».
Сыбайлас жемқорлық - әлеуметтік, экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономика қүрылысын тежейтін, сонымен қатар, мемлекет қауіпсіздігіне, мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына қауіп төндіретін қатерлі фактор.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті! Сыбайлас жемқорлық- құқық бұзушылық. Бұл үшін заңда әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік белгіленген. Мемлекетіміздің тұрақтылығы мен еркін дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекет, бизнес, қоғам өкілдеріне де жүктелген міндеттемелер бар. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде анықталған.
Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2020-2026 жылдарға арналған Тұжырымдамасын жүзеге асыру маңызды міндет саналады. Осы жерде Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары шеңберінде шешуді талап ететін төмендегідей түйінді проблемаларлы еске салсақ ләзім: тұрмыстық жемқорлық, мемлекеттік және жеке секторлардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері; бюджет қаражатын бөлу процесінің жоғары сыбайлас жемқорлық осалдығы; сатып алушылардың ашықтығының жеткіліксіздігі; мемлекеттің экономикаға қатысуының жоғары деңгейі.
Бұл тұрғыда өңірлік жергілікті атқарушы билікке тапсырылған міндеттемелер бар. Өңірлік (облыстық, аудандық, қалалық) жергілікті билік органдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне азаматтық қоғамды тарту мақсатында мемлекеттік - әлеуметтік тапсырыс беру тетігін іске қосып отыр. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (комплаенс) нәтижесінде анықталған құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау және жою мақсатындағы іс-шаралар жүзеге асырылып келеді.
Жемқорлық тәуекелдерінің көбеюіне не азаюына әсер ететін бірден-бір фактор жариялылық пен қолжетімілік екенідігі белгілі. Көп жағдайда «бас сынса - бөрік ішінде, қол сынса - жең ұшында» деген қазақы ментолитеттің де қылмысты жаба бүркуге әсері болатынын жасыруға болмас. Сондықтан қандай да бір талдаулар мен зерттеулер немесе мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс нәтижесін нтернет-ресурста, БАҚ және әлеуметтік желілерде жариялап отырудың да маңызы зор.Мемлекеттік сатып алуларға немесе жер телімдерінің берілуіне, басқа да мемлекет тарапынан жасалатын қызметтердің ашықтығы мен сапасына жасалып жатқан мониторингтердің де пайдасы орасан. Әйтсе де тұрғындар қанағаттанбайтын немесе секем алатын тұстар бар.Солардың ең маңыздысы - құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру, тендер мәселесі; салынған құрылыс нысандарының сапасы, төзімділігі мен қауіпсіздігін сараптаудың жеткіліксіздігі. Жер телімдерін алу мен сату, оны орынсыз пайдалану; кәсіпкерлер тарапынан салық көлемін азайтып көрсету, көлеңкелі экономика өте күрделі шырмаулы мәселе боп қала береді.
Айтып-айтпай не керек: сыбайлас жемқорлықтың кез-келген түріне немесе жемқорлық тәуекелдеріне немқұрайлы қарау- елдің тұрақты дамуына, ұрпақтың болашағына, мемлекеттілік пен тәуелсіздіктің беріктігіне, ел қауіпсіздігіне кері әсерін тигізетін қауіпті үдеріс.Экономикалық дамудың нәтижесінде ғана адамдардың ыңғайлы және жақсы өмір сүре алатыны, өз арман-мақсатына жете алатыны белгілі. Адамзат баласының өз дәуірінде өз қолымен жасаған игілігі ғана мұратына жеткізген. Қай кезде де рух пен сананы қатар ұстаған мәдениетті де әділетті, тең қоғам құру немесе құрдымға кету сол заман адамдарының өздеріне байланысты болғанын естен шығармасақ абзал!
Нұртас Хангелді