⚜️17 шілде күні Қарақия ауданы әкімінің орынбасары Санат Төкенов аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
⚜️Қабылдау барысында азаматтар тұрғын үй, әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту сынды бірқатар өзекті сауалдарын ортаға салды. Әрбір өтініш жеке қаралып, тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
⚜️Мұндай кездесулер тұрғындармен тығыз байланыс орнатуға, азаматтардың мұң-мұқтажын жедел тыңдап, уақтылы шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі