⚜️Жетібай ауылында ауылішілік жолдардың құрылысы қарқынды түрде жалғасуда. Аталған жұмыстар 2024 жылы басталып, бірнеше шағын аудан мен көшелерді қамтып отыр. Атап айтқанда, Қалманбетұлы, Қазақ ауыл, Әуежай, Астана, Жаңғабылұлы, Жаңақұрылыс, Мұнайшы-1 және Әубакіров шағын аудандарында құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
⚜️Қазіргі таңда жол төсемін тегістеу, жол негізін дайындау және асфальт жабындысын төсеу жұмыстары кезең-кезеңімен іске асуда. Қалманбетұлы, Қазақ ауыл, Әуежай және Астана шағын аудандарында – 5,3 шақырым жол салынып жатыр.
⚜️Жаңғабылұлы, Жаңақұрылыс, Мұнайшы-1, Астана шағын аудандарында – 5,0 шақырым жол қамтылған. Астана және Әубакіров шағын аудандарында – 5,5 шақырым жол құрылысы жүргізілуде.
⚜️Жобаларды жүзеге асырып жатқан мердігер – «Ақжол+К» ЖШС, техникалық қадағалаушы – «Каздор Инжиниринг» ЖШС, ал жобалаушы – «Проектный Центр» ЖШС.
⚜️Ауылішілік жолдарды жаңарту тұрғындардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасап, көлік қозғалысын айтарлықтай жеңілдетеді деп күтілуде.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі