
Сыбайлас жемқорлық – бұл мемлекеттік билікті, лауазымдық мүмкіндіктерді жеке пайда үшін теріс пайдалану. Ол мемлекеттің дамуына кедергі келтіріп, қоғамда әділетсіздік пен теңсіздікті туындатады.
Көп жағдайда сыбайлас жемқорлық пара беру мен алу арқылы көрініс табады. Мұндай әрекеттер мемлекеттік органдардың беделін түсіріп, халықтың билікке деген сенімін әлсіретеді. Сонымен қатар, экономикалық өсімді тежеп, инвестициялық тартымдылықты азайтады.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, әрбір азаматтың міндеті. Ашықтық, заңның үстемдігі, әділдік қағидаттары қоғамда терең орныққанда ғана бұл дертті жеңуге болады.
Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – бұл әділеттілік пен дамудың кепілі. Сондықтан әрбір азамат өз орнында адал еңбек етіп, парақорлыққа жол бермеуге тырысуы тиіс.
"Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Жанайбаева