Құрықта ашылатын су тұшыту зауыты — аудан тұрғындары үшін маңызды жоба

Құрықта ашылатын су тұшыту зауыты — аудан тұрғындары үшін маңызды жоба

⚜️Мемлекет басшысы прокуратура органдарына инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, сондай-ақ инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөнінде нақты тапсырмалар берген болатын.

⚜️Осы тапсырмаларды іске асыру аясында Қарақия ауданы прокуратурасымен аудандық деңгейдегі ірі инвестициялық жобалардың бірі – «Алека» ЖШС-нің Құрық ауылында салынатын су тұшыту зауытына қолдау көрсетілуде.

⚜️Аталған зауыттың іске қосылуы 2025 жылдың тамыз айына жоспарланған. Жоба жүзеге асқан жағдайда 12 мыңнан астам тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылып, 10-ға жуық жаңа тұрақты жұмыс орны ашылатын болады.

⚜️Кездесу барысында зауыт қызметін бастауға байланысты туындап отырған бірқатар әкімшілік және инфрақұрылымдық кедергілер қарастырылып, оларды шешу жолдары пысықталды. Қарақия ауданының прокуратурасы бұл мәселелерді заң аясында шешу бойынша тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыстар жүргізетін болады.

⚜️Аудан аумағында осындай маңызды инвестициялық жобаларды қолдау — өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға зор үлес қосатыны сөзсіз.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі