Құрық ауылында көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеті мен шатырын жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Құрық ауылында көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеті мен шатырын жөндеу жұмыстары жүргізілуде

⚜️Құрық ауылындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеті мен шатырын жаңарту мақсатында ағымдағы жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бұл бағыттағы жұмыстар мемлекеттік сатып алу конкурстары арқылы ұйымдастырылып, мердігер мекеме ретінде «Меруерт LTD» ЖШС анықталды.

⚜️Бүгінгі күні №15, 16, 5, 6, 50 тұрғын үйлерінде жөндеу жұмыстары басталып, жоба құны 87,4 млн теңгені құрады.

⚜️Сонымен қатар, №45, 46, 48, 49, 52 үйлеріне жөндеу жүргізу үшін келісімшарт бойынша жұмыстар 77,4 млн теңгеге орындалуда. Атап айтқанда, №52 үйде шатыр толық ауыстырылып, қазіргі таңда ішкі әрлеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

⚜️Бұдан бөлек, тағы 7 көппәтерлі тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін конкурс рәсімдері ұйымдастырылу үстінде. Олардың қатарында №39, 41, 43 және №32, 33, 34, 36 үйлер бар.

⚜️Аудан әкімдігі тұрғын үй қорының сапасын арттыру мен елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту жұмыстарын алдағы уақытта да жалғастырып, тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы өмір сүруіне жағдай жасауды басты міндет санайды.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі