Құрық ауылында тұрғындар үшін жаңа ашық спорт алаңы пайдалануға берілді

Құрық ауылында тұрғындар үшін жаңа ашық спорт алаңы пайдалануға берілді

⚜️Құрық ауылында бұқаралық спортты дамыту және тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына қолайлы жағдай жасау мақсатында жаңа әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. Атап айтқанда, 1 шағын аудан №37 үйдің жанындағы босалқы жер учаскесінде ашық спорт алаңы салынды.

⚜️Жобаны жүзеге асырушы мердігер мекеме – «NurHam» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Құрылыс жұмыстары бекітілген келісім-шарт аясында жүргізіліп, жоба құны 12,2 миллион теңгені құрады.

⚜️Жаңа спорт алаңының жалпы көлемі 800 шаршы метрді (20x40 метр) құрайды. Бұл алаң көпфункционалды етіп жасақталған, яғни тұрғындар мұнда футбол, волейбол, баскетбол сынды түрлі спорт түрлерімен айналыса алады. Сонымен қатар, алаң аумағы 84 метрлік жаяу жүргіншілер жолымен қамтылып, тұрғындардың қауіпсіз және ыңғайлы қозғалысы ескерілген.

⚜️Кешкі уақытта да спортпен айналысу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін алаңға 6 дана шарық шам орнатылған. Бұл тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне және кешкі мезгілде де спорттық белсенділікті арттыруға септігін тигізбек.

⚜️Ашық спорт алаңы – жергілікті тұрғындар үшін дене шынықтырумен айналысатын, балалар мен жастардың бос уақытын пайдалы өткізетін жаңа демалыс орнына айналмақ. Мұндай нысандардың көбеюі ауданымыздағы әлеуметтік инфрақұрылымның жүйелі дамып келе жатқанын көрсетеді.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі