
⚜️Аудан әкімінің орынбасары Санат Төкенов аудан тұрғындарының өзекті мәселелерін тыңдау мақсатында жеке қабылдау өткізді. Қабылдау Қарақия ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында ұйымдастырылып, оған алдын ала жазылған және өзекті мәселелерімен келген тұрғындар қатысты.
⚜️Қабылдау барысында азаматтар тарапынан жер телімдерін бөлу, тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік көмек көрсету, сондай-ақ жұмыссыздықты азайту мәселелері кеңінен көтерілді. Әрбір тұрғынның өтініш-шағымы мұқият тыңдалып, сұрақтарға түсініктемелер берілді. Сонымен қатар, көтерілген мәселелердің заң аясында шешілуі үшін жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
⚜️Жеке қабылдауға келген тұрғындардың саны 70-ке жуықтады. Санат Төкенов тұрғындардың өтініштері бойынша тиісті жұмыстарды жүргізуді, өзекті мәселелердің шешімін бақылауда ұстауды міндеттеді.
⚜️Аудан әкімдігінің ашық есік күні аясында өткізілген жеке қабылдау халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға және тұрғындардың жергілікті атқарушы билікке деген сенімін нығайтуға бағытталды.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі