Қарақия ауданында шөп шабу жұмыстары басталды

Қарақия ауданында шөп шабу жұмыстары басталды

⚜️Қысқы мал азығын дайындау – ауыл шаруашылығы саласындағы маңызды міндеттердің бірі. Осыған орай, бүгін аудан әкімінің орынбасары, аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ «Кендірлі-Қаясан» мемлекеттік қорығының инспекторлары шөп шабу науқанына қатысатын бригадалармен бірге шөп шабылатын жерлерді нақтылады.

⚜️Кездесуге шөп шабушы бригадалардың жетекшілері мен шаруа қожалықтарының иелері қатысты. Шөп шабылатын аумақтар ретінде «Қайтпас», «Кендірлі-Қаясан» мемлекеттік қорығына қарасты «Шұқыр ой» жері және «Бекежан» жері белгіленді.

⚜️Аталған жерлерде 4 бригада жұмыс істеп, 8 мың тоннаға жуық шөп шабу жоспарлануда. Аудан тұрғындары үшін 1 түк шөптің бағасы 1000 теңге болып белгіленді.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі