⚜️ 23 маусым Қарақия ауданында Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шара Қарақия ауданы әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен Құрық ауылындағы кіші мәжіліс залында өткізілді.
⚜️Іс-шара барысында мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған жас мамандар – Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы лауазымына тағайындалған Закария Нұрбек Бауырбекұлы және Якубова Ақбөбек Меңдіғалиқызы – салтанатты түрде ант қабылдады. Бұл рәсім мемлекеттік қызметтің жауапкершілік пен адалдыққа негізделгенін айқындай түсті.
⚜️Мерекелік жиында аудан әкімі Сымбат Төретаев құттықтау сөз сөйлеп, мемлекеттік қызметшілердің ел дамуына қосып отырған үлесіне тоқталды. Ол мемлекеттік қызметті адал, кәсіби және жауапкершілікпен атқарып жүрген сала мамандарына алғысын білдірді.
⚜️Жиын аясында мемлекеттік қызмет саласының дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар қызметкерлер Маңғыстау облысының әкімі Н.И. Қилыбайдың және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысы Т.Қ. Жұмағұловтың бірлескен алғыс хаттарымен марапатталды.
⚜️Сонымен қатар, Қарақия аудандық мәслихатының Құрмет грамоталарымен және аудан әкімінің алғыс хаттарымен көп жылдық табысты еңбегімен ерекшеленген мемлекеттік қызметшілер марапатталды.
- Мемлекеттік қызмет – халықтың сенімін ақтау, ұлттың абыройын асқақтату жолындағы аса жауапты міндет. Мемлекеттік қызметші – мемлекеттің айнасы», – деп атап өтті аудан әкімі Сымбат Төретаев.
⚜️Жиын соңында қатысушылар аудан басшылығымен бірге естелік суретке түсіп, мерекелік шара өз мәресіне жетті.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі