«Заң мен Тәртіп» апталығы басталды.

«Заң мен Тәртіп» апталығы басталды.

2025 жылғы 23 маусымында Қарақия ауданында Мемлекет басшысының тапырмасы бойынша құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысында жарияланған «Заң мен Тәртіп» апталығы басталды.

Акцияда прокуратура, аудан әкімдігі, полиция, кірістер басқармасы, төтенше жағдайлар бөлімі және басқа да уәкілетті органдардың өкілдерімен бірге 20-ға жуық тұрғын қабылданды. Азаматтардан түскен өтініштер әртүрлі сипатта болды: әлеуметтік мәселелер, қылмыстық, әкімшілік және азаматтық істер бойынша, еңбек құқықтарын қорғау, тұрғын үй және т.б. мәселелерге қатысты сұрақтар қойылды.

Азаматтардың кейбір мәселелері сол жерде шешімін тауып, ал кейбір сұрақтар бойынша жазбаша өтініштер қабылдап, қарауға алынды.

Акцияның мақсаты – мемлекеттік органдардың халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Мобильді форматтың арқасында елді мекендер мен аудандардың тұрғындары құқық қорғау органдары өкілдерімен тікелей жүгінуге мүмкіндік алды.