Қарақияда халыққа түсіндіру шарасы өтті

Қарақияда халыққа түсіндіру шарасы өтті

⚜️Қарақия ауданы әкімінің аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі мен аудандық төтенше жағдайлар бөлімшесінің ұйымдастыруымен теңіз жағалауында тұрғындармен түсіндіру шарасы өткізілді.

⚜️Шараның мақсаты – мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін тұрғындарға түсіндіру және суға шомылу маусымында қайғылы оқиғалардың алдын алу.

⚜️Іс-шараға аудан әкімдігіне қарасты ауыл шаруашылығы, әлеуметтік сала, экономика және қаржы, жер қатынастары, құрылыс және төтенше жағдайлар салалары бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандар қатысты.

⚜️Мамандар тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы кеңес беріп, ақпараттық брошюралар таратты. Сонымен қатар, төтенше жағдайлар бөлімшесінің қызметкерлері теңіз жағалауында демалып жатқан азаматтарға судағы қауіпсіздік қағидалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

⚜️Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасып, халықтың мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін арттыруға және жазғы маусымда қауіпсіз демалысты қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі