⚜️Қарақия ауданында 2024–2025 оқу жылын сәтті аяқтаған мектеп бітіруші түлектерге арналған салтанатты кеш өтті. Мерекелік шарада аудан бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушыларға «Алтын белгі» мен «Үздік аттестаттар» табысталды.
⚜️Аталған іс-шара ұстаздар қауымы мен ата-аналар үшін де ерекше маңызға ие болды. Мерекенің шымылдығы патриоттық рухтағы өлең жолдарымен ашылып, мемлекеттік Гимн орындалды. Салтанатты жиынды аудан әкімінің орынбасары Төлегенов Манар ашып, өз құттықтауын білдірді. Ол өз сөзінде білім мен тәрбие берудегі ұстаздар мен ата-аналардың рөліне тоқталып, түлектерге сәттілік тіледі.
⚜️Шара барысында Қарақия ауданындағы №3, №4, №5, №7, №8, №10, №11 мектептердің және мектеп-гимназиялардың, сондай-ақ Қарақұдық пен Құланды ауылдық мектептерінің түлектері «Алтын белгі» және «Үздік аттестатпен» марапатталды.
⚜️2025 жылы аудан бойынша 11 түлек «Алтын белгі» иегері атанып, 26 түлек «Үздік аттестат» иеленді.
⚜️Сондай-ақ, жас ұрпақты тәрбиелеуге зор үлес қосқан ата-аналар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Мерекелік кеш мектеп өнерпаздарының орындауындағы ән-шашумен әрленіп, «Мектеп вальсімен» қорытындыланды.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі