⚜️16 маусым күні Құрық ауылы аумағында бірқатар жоспарлы іс-шаралар ұйымдастырылды.
⚜️Атап айтқанда, «Маңғыстау Геология- Барлау кешенді экспедициясы» саябағында ағаштардың қураған бұтақтарын кесу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар саябақтағы жасыл желекті күтіп-баптау, ағаштардың өсуіне қолайлы жағдай жасау және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында қолға алынды.
⚜️Сонымен қатар, «Жасыл ел» бағдарламасы аясында Қарақия жастары «М.Жолболдин» саябағында сенбілік жұмыстарын ұйымдастырып, саябақ аумағында шөп шауып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Жастардың бұл бастамасы ауылдың көркейіп, тазалық деңгейінің артуына оң әсерін тигізуде.
⚜️Бұған қоса, Құрық ауылы маңындағы теңіз жағалауында кезекті рет санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстардың басты мақсаты – теңіз жағалауының экологиялық жағдайын жақсарту, тұрмыстық қалдықтардың жиналуына жол бермеу және табиғи ортаға ұқыпты қарауға үндеу болып табылады.
⚜️Осы күні ауыл аумағындағы өзге де саябақтарда шөп шабу және оны арнайы орындарға тасымалдау жұмыстары басталды. Аудан тұрғындарын қоршаған ортаны таза ұстауға және елді мекенді көркейту бағытындағы іс-шараларға белсенді қатысуға шақырамыз.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі