Құланды ауылында жаңа спорт алаңы ашылып, футбол турнирі өтті

Құланды ауылында жаңа спорт алаңы ашылып, футбол турнирі өтті

⚜️14-15 маусым күндері Құланды ауылында бұқаралық спортты дамыту және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жаңа ашық спорт алаңы салтанатты түрде пайдалануға берілді.

⚜️Спорт алаңы Т.Балтабасұлы көшесінде орналасқан. Бұл нысанның іске қосылуы ауыл тұрғындары үшін маңызды оқиға болып саналады. Жобаға жалпы сомасы 12,2 миллион теңге қаражат жұмсалып, құрылыс жұмыстарын кәсіпкер Мурзашева жүзеге асырды.

⚜️Спорт алаңының ашылуына орай Құланды ауылдық округі әкімінің кубогы үшін футболдан турнир ұйымдастырылды. Жарысқа Құланды ауылынан 3 команда, Сенек ауылынан 2 команда, сондай-ақ Болашақ, Бостан ауылдары мен Irimshik Street командалары қатысты.

⚜️Турнир жоғары деңгейде өтті. Командалар тартысты ойын көрсетіп, жанкүйерлерге нағыз спорттық мереке сыйлады. Әр команда өз шеберлігі мен ұйымшылдығын паш етіп, жарыстың көркін аша түсті.

⚜️Жарыс қорытындысы бойынша:

  • 1-орын — Бостан ауылының командасы;
  • 2-орын — Құланды 1 командасы;
  • 3-орын — Құланды 2 командасы.

⚜️Сонымен қатар, ойын барысында ерекше көзге түскен қатысушыларға арнайы номинациялар табысталды:

  • Үздік шабуылшы – Амангелді Нұртілеу
  • Үздік қақпашылар – Тұрақты Мұхаммед және Аққұлов Ерболат
  • Спорт жанашыры – Қосақбаев Тимур

⚜️Аталған спорттық алаң ауыл жастары үшін дене шынықтырумен айналысуға, спорттық шараларды тұрақты түрде өткізуге үлкен мүмкіндік береді.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі