⚜ 14 маусым күні аудан әкімі Сымбат Төретаев Мұнайшы және Жетібай ауылдарына жұмыс сапарымен барып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, жүрмелі кеңес өткізді.
⚜️Ең алдымен Мұнайшы ауылындағы салынып жатқан қоғамдық кеңістік пен стелланың құрылысымен танысты. Ол аталған нысандардың сапалы әрі ұзақ мерзімге жарамды болуы керектігін баса айтып, жұмыс барысына бірнеше ұсыныс енгізді. Сонымен қатар, сапалы әрі тұрғындарға қолайлы инфрақұрылым қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
⚜️Аудан басшысы одан кейін ангар типті спорт зал нысанына барып, көгалдандыру мен жарықтандыру жұмыстарын толық аяқтауды жүктеді. Ауыл тазалығына ерекше назар аударылып, жарықтандыру жүйесіне қатысты мониторинг жүргізілді.
- Әрбір басталған жұмыс – халықтың игілігі үшін. Сондықтан әр нысан сапалы әрі уақытылы аяқталуы тиіс. Біз ауылдарымыздың дамуын тек сыртқы келбетпен емес, шынайы өмір сапасының жақсаруымен өлшеуіміз керек,- деді аудан әкімі Сымбат Төретаев.
⚜️Жүрмелі кеңес Жетібай ауылындағы ангар типті спорт залда жалғасын тапты. Нысан құрылысы толық аяқталып, тек көгалдандыру жұмыстары ғана қалған. Аудан әкімі бұл жұмыстарды мерзімінде аяқтауды міндеттеді.
⚜️Сонымен қатар, Жетібай ауылындағы арбат жобасының жүзеге асу барысымен танысып, оң бағасын берді. Аталған учаскеде жұмыс күшін көбейтіп, жұмыстардың қарқынын арттыру қажеттігі айтылды.
⚜️Ауыл ішіндегі санитарлық тазалық бойынша мекеме басшыларымен бірге рейд жүргізіліп, бірнеше сын-ескертпелер айтылды. Тиісті басшыларға нақты тапсырмалар беріліп, атқарылатын жұмыстардың сапасы мен мерзімі әкім бақылауында болатыны ескертілді.
⚜️Бұл сапар — Қарақия ауданы тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту жолындағы жүйелі жұмыстың жалғасы.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі